«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мемлекеттің күші үкімдердің санымен емес, халықтың сенімімен өлшенетін болашаққа апаратын жол екенін баса айтқым келеді. Ал қоғамдық сана қолдамаса, ешбір заң тиімді жұмыс істемейді.
Сондықтан бірінен бірін ажыратып қарауға болмайды. Заңды сақтау – жазадан қорқу емес, әр адамның ішкі сенімі. Заңды барлығы құрметтесе, қоғамда әділдік пен қауіпсіздік сезімі пайда болады. Әркім кез келген заң бұзушылыққа лайықты жауап беруі, мүлдем төзбеушілік танытуға тиіс. Себебі азамат болу – тек құқық емес, міндет екенін тағы бір мәрте айта кеткім келеді. Заң барлығына ортақ, ал құқықтық сана әр адамның табиғи қасиеті болуы қажет. Иә, бұл жол – оңай емес.
Дегенмен көп жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау институттарын нығайтты. Прокуратура тек құқық қолдану саласында емес, жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасауда да өзгеру жолына түсті. Біз кері байланысты нығайтып, тек қадағалау шараларымен айналыспай, құқық бұзушылықтарды алдын алуға баса назар аударып отырмыз. Аталған іске өз үлесін қосып жатқан азаматтарға ризашылығымыз шексіз. Бұл қоғамның кемелденіп келе жатқандығын көрсетеді. Жалпы алғанда, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға әрбір азамат, әр ұйым және барлық мемлекеттік орган тартылуға тиіс. Әр қадамды мықты институттары мен жауапты азаматтары бар құқықтық мемлекет құруға салынған инвестиция ретінде қабылдау қажет. Сондықтан алда әлі атқарылар іс көп. Мұнда ең бастысы – іс-қимылдардың бірлігі, ортақ көзқарас пен өзара жауапкершілік.
А.ШӘКІРОВА,
аудандық Полиция бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры




