Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

сурет ғаламтордан алынды

Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөзі – қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын айқындайтын тағылымды сөз. Шынында да, заң мен тәртіпке бағынған елде тұрақтылық пен тыныштық сақталады.

Әрбір азамат қоғамдық ортада өзін мәдениетті, әдепті ұстап, заң талаптарын құрметтесе, мемлекетте ауызбіршілік пен татулық орнайды. Тәртіп бар жерде – береке, сыйластық және сенім болады. Бүгінде құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру – уақыт талабы. Әр азамат өз құқығы мен міндетін терең түсініп, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға дағдылануы қажет. Бұл – әділетті қоғам мен қауіпсіз болашақтың кепілі. Әсіресе жастарға құқықтық тәрбие беру, оларды отансүйгіштікке, адалдыққа және жауапкершілікке баулу маңызды міндеттердің бірі. Заңға құрмет – елге құрмет. Сондықтан қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бірлікті бекемдеп, тәртіпті сақтай білсек, еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болмақ.

Асан САЙЫН,

аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT