Заң мен тәртіп – қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың басты кепілі. Біз, жастар, еліміздің жарқын болашағы үшін заңды құрметтеп, тәртіпті сақтауды азаматтық парызымыз деп білеміз.
Заңға бағыну – әр адамның құқығы мен бостандығын қорғаудың, әділ қоғам қалыптастырудың негізі. Бүгінгі жас ұрпақ білімді, саналы әрі жауапкершілігі жоғары болуы тиіс. Қоғамдағы құқық бұзушылыққа, зорлық-зомбылыққа, жемқорлыққа және кез келген теріс әрекетке бейжай қарамай, заң талаптарын қатаң сақтау – біздің ортақ міндетіміз. Әрбір жас өз ісімен үлгі болып, қоғамдық тәртіптің нығаюына үлес қосқанда ғана елімізде қауіпсіз әрі берекелі орта қалыптасады.
Біз заң мен тәртіп қағидатын қолдай отырып, әділетті, бірлігі бекем және дамыған елді бірге құруға атсалысамыз. Өйткені тәртіпке бағынған елдің келешегі кемел, болашағы жарқын.
Сандуғаш Қазиева,
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппарптының бас маманы




