Заң үстемдік құрған мемлекетте әр азаматтың құқығы қорғалып, қоғамдық тәртіп нығая түседі. Бүгінде бұл қағидат құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күресу және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бағытында маңызды рөл атқарып отыр.
Заңға бағыну – тек міндет емес, ол саналы азаматтың өмірлік ұстанымы. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдау – еліміздің дамуына, қоғамдағы тыныштық пен бірліктің сақталуына қосылған маңызды үлес деп білемін.




