Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі құрал. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Алайда заңның қағаз жүзінде болуы жеткіліксіз, оның нақты өмірде орындалуы шешуші мәнге ие.
Осы тұста тәртіп ұғымы алдыңғы қатарға шығады. Тәртіп – заң талаптарының күнделікті өмірде бұлжытпай сақталуы. Соңғы жылдары қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамалар қолға алынуда. Бұл үрдіс азаматтардың заңға деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілікті күшейтуге ықпал етуде. Дегенмен жекелеген құқық бұзушылықтардың орын алуы заң мен тәртіп мәселесінің өзектілігін әлі де көрсетіп отыр.
Айдар ЫСҚАҚ,
заңгер



