Конституция – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ең басты заң.
Онда әр азаматтың Отанды қорғау, жеріміздің тұтастығын сақтау және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу қасиетті борышы екені нақты көрсетілген. Бұл – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы жауапкершілігін білдіретін маңызды қағида.
Тәуелсіздік – бізге ата-бабаларымыздың аманаты. Сондықтан оны сақтау тек әскери қызметкерлердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігіне үлес қосу, заңды құрметтеу, адал еңбек ету және мемлекетіміздің дамуына атсалысу – Отанға қызмет етудің ең маңызды көрінісі.
Конституцияны құрметтеу – өз мемлекетімізді, тарихымызды және болашағымызды құрметтеу. Бірлігі бекем, заңға бағынған елдің ғана болашағы жарқын болмақ.
Айнұр Ысқақ




