Заң мен тәртіп – қоғамды ізгілікке бастайтын, әділдіктің ақ туының желбіреуіне үлес қосатын ізгі мақсат бастауы. Заң мен тәртіп болмаған жерде қоғамда бейберекеттік әрекеттер көбейеді.
Ал қоғамда заң мен тәртіп идеологиясының орнығуы – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Азаматтардың заңды құрметтеуі және оны сақтауы қылмыстың азаюына, қоғамдық сенімнің артуына және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді. Жалпы «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы әрбір азаматтың жауапкершілігін, әділдік пен заңдылықты сақтаудың маңызын айқындайды.
Шәлік СҮЛЕЙМЕНОВ,
ішкі істер саласының ардагері




