Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Заңды сақтау азаматтық борыш

 Қазіргі таңда заң мен тәртіп мәселесі өте маңызды. Себебі қоғамда құқық бұзушылық, алаяқтық, зорлық-зомбылық сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп жатады. Осындай мәселелердің алдын алу үшін әрбір азамат заңды білуі және оны сақтауы қажет.

Заңды құрметтеу – өзіңді және өзгелерді құрметтеу деген сөз. Тәртіп ең алдымен отбасынан басталады. Баланы кішкентайынан адалдыққа, жауапкершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу – ата-ананың міндеті. Мектепте де оқушыларға құқықтық тәрбие беріліп, қоғамдағы өз орнын түсінуге үйретіледі. Тәртіпке бағынған адам уақытты бағалайды, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстайды және өзгелердің құқығын бұзбайды. Заң мен тәртіп – мемлекет дамуының кепілі. Егер әр адам өз міндетін адал атқарып, заң талаптарын орындаса, елімізде тыныштық пен тұрақтылық орнайды. Сондықтан заңды сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Дархан ӘБИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT