Бүгінгі күні аудан көлемінде 8 маусым мен 12 маусым күндері аралығында «Заңсыз келуші-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Мұндағы мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, шетел азаматтарының елімізде болу мерзімдерін сақтауын бақылау, заңсыз еңбек қызметімен айналысу фактілерінің жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері шетел азаматтарының уақытша және тұрақты тұру орындарын, құрылыс нысандарын, базарларды, өндіріс орындарын және шетелдік жұмыс күші тартылған өзге де нысандарды тексеруде. Сонымен қатар, шетел азаматтарын жұмысқа заңсыз тартқан жеке және заңды тұлғаларды анықтау бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.
Айсана ҚАРМЫС,
аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны



