Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Заңды білу – жасөспірімнің жауапкершілігі

Жасөспірім кезеңі – тұлғаның қалыптасып, өзіне және айналасына деген жауапкершілігі арта түсетін маңызды шақ.

Осы кезеңде заң талаптарын білу, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз әрекетінің салдарын түсіну ерекше мәнге ие. «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әр азаматтың күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс.

Мектепте ішкі тәртіп ережесін сақтау, ұстаздар мен қатарластарына құрметпен қарау, қоғамдық орындарда өзін әдепті ұстау, бұзақылық пен құқық бұзушылықтан аулақ болу – жасөспірімнің азаматтық жауапкершілігінің негізгі көріністері. Құқықтық сауаттылықты арттыру да маңызды. Жасөспірім өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуі қажет. Себебі әрбір әрекеттің белгілі бір жауапкершілігі бар. Заңды құрметтеу – жазадан қорқу емес, қоғамдағы тәртіп пен өзара сыйластықты түсіну. Бұл бағытта ата-ана, мектеп және қоғамның бірлескен жұмысы қажет. Жасөспірімге дұрыс бағыт-бағдар беріп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу – түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тәртіпті сақтау – тек үлкендердің міндеті емес. Оған әрбір жас өз үлесін қоса алады. Заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаған жас – өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат.

 Айгерім Шәкір,

аудандық полиция бөлімінің полиция инспекторы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT