Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Заңды білген адам дауласпайды

Ауыл – халқымыздың алтын бесігі. Ауылдың берекесі, тыныштығы қайдан басталады? Менің ойымша, бәрі «Заң мен тәртіптен" басталады. Ауылда әркім бірін-бірі таниды.

Сондықтан мұндағы тәртіп қаладағыдай қатаң емес, жүрекпен ұғынылады. Көшеде кешкісін баланың еркін ойнауы, малдың уақытында жайылуы, мешіттен намаздан кейін адамдардың амандасып тарауы – осының бәрі заңды құрметтеп, тәртіпті сақтағандықтан. Егер біреу жол ережесін бұзса, дауыс көтерсе, көршінің жеріне қол салса – ауылдың тыныштығы бұзылады.

 Сондықтан ауыл ақсақалдары “Бірлік бар жерде тірлік бар” деп бекер айтпаған. Заңды білген адам дауласпайды, тәртіпті сақтаған адам елдің құрметіне бөленеді. Бүгінде ауылымызда полиция да, мектеп те, ақсақалдар кеңесі де бірлесіп жұмыс істейді. Жастарға түнгі уақытта тыныштық сақтау, қоғамдық орынды ластамау, ата-анасын сыйлау туралы ескертіледі. Міне, осы кішкентай тәртіптерден үлкен тыныштық құралады.

Құмар Хасан,

білім саласының ардагері

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT