Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидаты әр адамның өз құқығын сақтауға, құқықтық сауаттылығын арттыруға деген ниеттен туған бастама. Бұл бастама еліміздің барлық жерінде қолдау тауып, ел азаматтары заңды білу, тәріптіп бағыну керектігін жете ұғынуда.
Нәтижесінде тұрғындардың заңға деген оң көзқарасы қалыптасты десек те болады. Осы орайда, заңдылықты түсіндіру бағытында аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Акция барысында Қазақстан Республикасының заңнамалары, құқықтық жауапкершілік түрлері, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Өз кезегінде тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Сонымен қатар заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Өз тілшіміз




