Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастың ортақ белгісі болады.
Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді. Еліміз бүгінде қуатты, құқықтық мемлекет құрудың даңғыл жолына түсті. Бұл жол оңай емес. Оны әрбір азаматтың саналы жасаған қадамымен басып өте аламыз. Сондықтан құқық қорғаушы ретінде айтарым – заңды берік ұстанған жағдайда болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел бола түседі.
Нариман МҰҚТАРҰЛЫ,
аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны


