Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ОРЫН АЛУЫ ТИІС

Тәртіп – заң талаптарының күнделікті өмірде бұлжытпай сақталуы. Соңғы жылдары қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамалар қолға алынуда. Бұл үрдіс азаматтардың заңға деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілікті күшейтуге ықпал етуде.

Дегенмен жекелеген құқық бұзушылықтардың орын алуы заң мен тәртіп мәселесінің өзектілігін әлі де көрсетіп отыр. Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігі ерекше. Соның ішінде құқық қорғау құрылымдары заңдылықты қатаң сақтап, ашықтық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алып жұмыс жасайды. Бұл ретте, заңды сақтау тек жазадан қорқу арқылы емес, ішкі мәдениет пен саналы ұстаным арқылы жүзеге асуы қажет. Әрбір азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін түсініп, ортақ тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс.

Ақжарқын ҚАБИЕВА,

Миялы ауылдық округі әкімі

 аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT