Елімізде соңғы үш жылда қабылданған 300-ден астам маңызды заң – Қазақстанның жаңару жолындағы нақты қадамдарының айқын көрінісі.
Конституциялық заңдар мен кодекстердің қабылдануы құқықтық мемлекетті нығайтып, әділетті қоғам құруға негіз қалайды. Ардагер ретінде мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдаймын. Заңның үстемдігі сақталған жерде тұрақтылық, тәртіп және халықтың болашаққа деген сенімі нығаяды.
Бұл – келер ұрпаққа берік мемлекет қалдыру жолындағы маңызды міндет. Еліміздің дамуы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты. Сондықтан қолға алынған оң өзгерістердің нәтижелі болуы үшін қоғам болып заңды құрметтеп, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуіміз қажет.
Тілек БУРАБАЕВ, ардагер




