Заң мен тәртіп – тұрақты әрі қауіпсіз қоғамның негізгі тірегі. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қараған кезде ғана елде тыныштық пен өзара сенім нығаяды.
Заңды құрметтеу – өз құқығымызды қорғаумен қатар, өзгелердің де құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау деген сөз. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, тазалықты сақтау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.
Бұл – әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындайтын құндылықтар. Заң үстемдігі берік орнаған мемлекетте әділдік салтанат құрып, халықтың мемлекетке деген сенімі артады. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірлігімізді нығайтып, заңға құрметпен қарасақ, еліміздің қауіпсіз әрі тұрақты дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Әлия ҚАЛИЕВА, зейнеткер



