«Заң және тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді.
Заңның сақталуы қоғамда жауапкершілікті әрбір азаматтың саналы түрде сезіне білуінен және оны мүлтіксіз орындауынан байқалады. Мемлекет пен қоғамның даму жолында заң мен тәртіптің маңызы ерекше. Заңды сақтайтын ұрпақ өркениетті, саналы әрі жауапкершілігі жоғары қоғамды қалыптастырады. Сондықтан мұндай құндылықтарды қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Талғат БЕРКІНҰЛЫ,
Миялы ауылы




