Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Заң мен тәртіп – отбасынан басталады

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі. Ал заңға құрмет пен жауапкершілік ең алдымен отбасында қалыптасады. Бала ата-анасының іс-әрекетіне қарап өсетіндіктен, оған дұрыс бағыт-бағдар беру – әр отбасының маңызды міндеті.

Отбасындағы өзара сыйластық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, жауапкершілікпен қарау – тәртіпті қоғам қалыптастырудың алғашқы қадамдары. Ата-ана баласына өз құқығын ғана емес, сонымен қатар өз міндеттерін де түсіндіруі қажет.
Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Оларға жолда жүру ережесін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, интернеттегі қауіптерден қорғану және заң талаптарын орындау жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Бұл іске отбасы, мектеп және қоғам болып бірлесе атсалысқанда ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сондықтан әр ата-ана өз отбасында тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, баланың бойына заңға құрмет сезімін қалыптастыруға мән бергені абзал. Заңға құрмет – отбасындағы тәрбиеден, тәртіп – әр адамның өз жауапкершілігін сезінуден басталады. 
Тойдык Мусагалиева, 
Миялы ауылы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT