Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі – заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуына тікелей байланысты. Әрбір азамат заң талаптарын құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосқанда ғана ел ішінде тұрақтылық пен өзара сенім нығаяды.
Бүгінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Заңды білу ғана емес, оны күнделікті өмірде сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. Тәртіпке бағынған қоғамда даму да, береке де болады. Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан әрқайсымыз заңды құрметтеп, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға үлес қоса білейік.
Әйгерім Шәкірова



