Заң мен тәртіп – кез келген мемлекеттің дамуы мен қоғамның тыныштығын қамтамасыз ететін басты құндылықтардың бірі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қараса, елде қауіпсіздік пен тұрақтылық нығая түседі.
Заңның үстемдігі әділдікке жол ашып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Сондықтан заңды білу, оны құрметтеу және орындау – әр адамның азаматтық борышы. Тәртіп бар жерде жауапкершілік, өзара сыйластық және сенім қалыптасады. Біз барлығымыз заң мен тәртіп қағидаларын күнделікті өмірде ұстану арқылы еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қоса аламыз. Тыныш әрі қауіпсіз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет.
Клара СИСАМАНОВА



