Саналы азаматтар құрметтеуге тиіс қоғамдық тәртіп дегеніміз адамдардың жұмыс, өндіріс және қоғамдық өмірде әлеуметтік ортақ кәсіппен жалпылық мүддені қорғаудағы сөзсіз байсұнуға тиіс әрекет өлшемдері мен көптің ортақ мүддесін қорғайтын ережелер жиынтығы.
Әлеуметтік тәртіп қоғамдық тәртіп, әлеуметтік орта тәртібі, заңдық басқару тәртібі, қоғамдық тазалық тәртібі, жол қатынас тәртібі қатарлыларды қамтиды. Қоғамдық әлеуметтік тәртіп көпшіліктің ортақ игілігі мен қоғамдық өмірдің нақты талабына уәкілдік етеді. Кемелді әлеуметтік тәртіп орнату – қоғамның орнықты дамуының басты талабы. Қоғамдық ауызбіршілікті нығайтудың алғы шарты. Мемлекеттің алға қойған мақсаттарына жетудегі ірге тасы болып табылады. Қоғамдық тәртіпті сақтаудың тарихи тұрғыдан алғанда екі түрлі жолы бар. Ол: мұрал мен заң. Әлеуметтік тәртіпті сақтау мұралдық қағидалар мен заңдық тәртіптің аясында мүмкін болады.
Сол себепті адамдардың рухани тәрбиесі басты орында тұрады. Мұралдық жауапкершілікті жетілдіргенде ғана адамдардың қоғамдық тәртіпке, заң ережелерге түсінігі артады. Саналы түрде қоғамдық тәртіпті сақтайтын болады



