Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің тыныштығы ең алдымен заңның үстемдігіне және қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты.
Заң мен тәртіп – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және әділетті қоғам қалыптастырудың басты негізі. Заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың конституциялық міндеті.
Әр адам өз құқығымен қатар өз міндетін де терең түсініп, заң талаптарын құрметтеген жағдайда ғана қоғамда өзара сенім мен жауапкершілік артады. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Бүгінде елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе жастар арасында заңға құрметпен қарау, құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет алаяқтығы, нашақорлық, тұрмыстық зорлық-зомбылық және вандализм сияқты келеңсіз әрекеттердің алдын алу бағытында түрлі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Заң мен тәртіп қағидаты тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір тұрғын қоғамдық тәртіпті сақтап, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараса, қауіпсіз әрі берекелі орта қалыптасады. Қауіпсіз қоғам – тұрақты дамудың берік іргетасы. Сондықтан заңға бағыну, өзгелердің құқығын құрметтеу және қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың басты міндеті. Заң үстемдік құрған елде әділдік орнығып, халықтың мемлекетке деген сенімі артады. Осындай қоғамда ғана бейбіт өмір, тұрақтылық және жарқын болашақтың берік негізі қаланады.
Өз тілшіміз



