Тәртіп – заң талаптарының күнделікті өмірде бұлжытпай сақталуы. Соңғы жылдары қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамалар қолға алынуда.
Бұл үрдіс азаматтардың заңға деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілікті күшейтуге ықпал етуде. Дегенмен жекелеген құқық бұзушылықтардың орын алуы заң мен тәртіп мәселесінің өзектілігін әлі де көрсетіп отыр. Сол себептен әрбір азамат өз әрекетінің қоғамға әсерін түсініп, ортақ тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс.




