Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Заң мен тәртіп – бала қауіпсіздігінің кепілі

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлінуде. Бала қауіпсіздігі ең алдымен отбасынан басталады. Ата-ана баланың қайда жүргенін бақылап, жолда жүру ережелерін сақтауын қадағалап, интернеттегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіруі қажет.

 Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары тарапынан профилактикалық түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдайдың алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және балаларға қамқорлық жасау арқылы қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз. Бала қауіпсіздігі – ел болашағының қауіпсіздігі.

Берік Бейісов,

Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының директоры

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT