«Таза Қазақстан» – бұл қоршаған ортаны қорғауға, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастама. Еліміздің экологиялық саясаты аясында қолға алынған бұл жобаның мақсаты – қалалар мен ауылдағы тазалықты сақтап, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару, су және ауа сапасын жақсартып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Аталмыш акция барысында ауыл көшелері мен ауылдың маңын қоқыстардан тазартуға, көгалдандыруға және жалпы аумақты абаттандыруға бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды. «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей ауыл тазалығына бағытталған осындай шараларғы ұйымшылдықпен атсалысу әрбір ауыл тұрғынының міндеті. Әр адам сенбілікке шығып, аз да болса өз үлесін қосса, тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсер еді. Сондықтан ауыл тұрғындарын көшеде, өз аулаларында тазалықты сақтауға шақырамын!
Сәрсенбай ҚОЙШЫБАЕВ,
Қызылқоға ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы


