«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негізі. Әсіресе, жастардың заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауы – елдің жарқын болашағының кепілі.
Жастар бос уақытын тиімді өткізіп, білімге, еңбекке және спортқа көңіл бөлсе, құқық бұзушылықтың алдын алуға үлкен үлес қосады. Әрбір жас өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтап, қоғамдық орындарда мәдениеттілік танытуы қажет. Тәртіпке бағынған қоғамда бірлік пен тыныштық нығайып, еліміздің дамуына жол ашылады.
Руслан Байназаров,
аудандық полиция бөлімінің қызметкері



