Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Туған жеріміздің тазалығын сақтауға үлес қосайық!

Таза көше – әр ауылдың көркі мен мәдениетінің көрсеткіші. Ауылымыздың таза, көрікті болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Өзіміз тұратын ортаны таза ұстап, көшелерді қоқыстан арылту, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға жанашырлық таныту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар ауылымыздың ажарын аша түсуде. Мұндай игі бастамаларға тұрғындар болып белсенді қатысып, тазалықты тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Таза көше – таза ауылдың кепілі. Сондықтан әрқайсымыз туған жеріміздің тазалығын сақтауға үлес қосайық. Көрікті де таза ауыл – келер ұрпаққа қалдырар ең жақсы мұралардың бірі.

Замзагүл БАЛАБАЕВА,

ауыл тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT