Бүгінде таза Қазақстан республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды.
Аталмыш акция аясында бүгінде ауданда мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге жастардың да экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда. Қазақтың «атадан мал қалғанша тал қалсын» деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Алға қарай да акция шеңберінде уақытта тек ресми түрде ғана өткізілмей, үздіксіз түрде өткізілсе нұр үстіне болар еді. Өйткені туған жерді аялап, күтіп ұстау өзіміздің қолымызда!
Аязбай ОРАЗОВ,,
Жангелдин ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы



