Абаттандыру, көгалдандыру, аулалар мен көшелерді таза ұстау – әр азаматтың туған жеріне деген құрметінің көрінісі.
Тазалық пен көркейту жұмыстарына белсенді қатысу арқылы біз өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның жайлылығы мен көркін арттырамыз. Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан тазалықты бір күндік жұмыс емес, күнделікті өмір салтына айналдырып, қоршаған ортаны қорғауға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.



