«Заң және Тәртіп» қағидаты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ, «Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді. Осы тұста, аудандық полиция бөлімі Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты мамандарымен бірлескен түрде аталмыш ауыл территориясындағы өзеннен шомылар кезде белгіленбеген суға түсуге тыйым салынғандығы бағытында түсінік жұмыстарын жүргізді. Суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін бірлескен түрде патрульдеу мен рейдтер жалғасады.
Өз тілшіміз




