«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жасқайрат ауылында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауылдың орталық көшелері мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрғындармен кездесулер өткізіліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Түсіндіру жұмыстары кезінде азаматтарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу, жол қозғалысы кезінде жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің өзара жауапкершілігі, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты ақпарат берілді. Сонымен қатар тұрғындарға заң талаптарын сақтаудың қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, әрбір азаматтың заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыру. Заң талаптарын сақтау – әрбір тұрғынның азаматтық борышы әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты кепілі. Алдағы уақытта да ауыл тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған осындай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Өз тілшіміз



