Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуы – еліміздің цифрлық дамуындағы маңызды жетістік.
Бұл жоба халықаралық байланысты нығайтып қана қоймай, Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы цифрлық көпір ретіндегі маңызын арттырады. Мұндай бастамалар ел экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа технологияларды енгізуге кең мүмкіндік ашады.
Аязбай Оразов,
Жангелдин ауылдык ардагерлер кеңесінің төрағасы




