Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Цифрлық даму – заман талабы

Қазақстанның жаңа Конституциясында алғаш рет азаматтардың дербес мәліметтерін қорғау құқығының нақты бекітілуі – уақыт талабынан туындаған маңызды шешім. Қазіргі цифрлық дәуірде әр адамның жеке ақпаратының қауіпсіздігі ерекше маңызға ие.

Сондықтан деректерді заңсыз жинауға, өңдеуге және пайдалануға тыйым салу – азаматтардың құқығын қорғаудағы үлкен қадам деп есептеймін. Сонымен қатар, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы – еліміздің заманауи технологияларға бейімделіп, инновациялық бағытта дамуға бет алғанының айқын көрінісі.

Бұл бастамалар жастардың цифрлық сауаттылығын арттырып, білім беру саласына жаңа мүмкіндіктер енгізуге жол ашады. Бүгінгі ұстаз ретінде біз де оқушыларға ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, технологияны дұрыс әрі тиімді пайдалануды үйретуіміз қажет. Себебі цифрлық даму – ел болашағының маңызды бөлігі. 

Гүлсара ТІЛЕГЕНОВА,

мұғалім

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT