Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Цифрлық даму – ел болашағының кепілі

Мемлекет басшысының «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын мұқият пысықтауды тапсырғаны – уақыт талабынан туындаған өте маңызды әрі стратегиялық шешім деп есептеймін. Қазіргі заманда ақпарат пен дерек – ең құнды ресурсқа айналды. Сондықтан оны сақтау, өңдеу және қорғау мәселесі ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты.

Ардагер ретінде айтарым, біз талай кезеңді бастан өткердік. Бүгінде елдің дамуы тек табиғи ресурстармен ғана емес, білім мен технологияға сүйенетін жаңа деңгейге көтерілді. Президент атап өткендей, сенімді инфрақұрылым қалыптастыру – технологиялық дербестікке апаратын маңызды қадам. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің болашағына берік негіз қалайды. Деректерді өңдеу орталықтарының дамуы – цифрлық экономиканың қарқынды өсуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жас мамандардың дамуына үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстанның халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сондықтан аталған жобаны жан-жақты қолдап, сапалы жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет. Ел ертеңі үшін жасалып жатқан мұндай игі бастамалар әрдайым қолдауға лайық.

Тілек ҚАЛИЕВ,

 ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT