Қоғамдағы үлкен өзгерістер кейде қарапайым әрекеттерден басталады. Заңды сақтау, қоғамдық орынды таза ұстау, жол ережесін орындау, өзгенің құқығын құрметтеу – соның айқын мысалы. Әр азамат «тәртіпті біреу орнатуы керек» деп күтпей, оны өзінен бастағаны жөн.
Сонда ғана қоғамдық жауапкершілік біртіндеп қалыптасады. Мемлекеттік органдар заңның орындалуын қамтамасыз етеді. Ал тұрғындардың міндеті – заң талаптарын орындап, құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қосу. Тәртіпті қоғамда адамдар бір-біріне көбірек сенеді. Қауіпсіздік те, тұрақтылық та осындай өзара жауапкершіліктен туындайды. Заң мен тәртіп – тек ресми ұғым емес. Ол әр азаматтың күнделікті өміріндегі нақты әрекет. Сондықтан қоғамдағы тәртіпті өзгеден емес, ең алдымен өзімізден бастауымыз керек.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ



