Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тәртіп барда тазалық бар 

Ауылдың ажары ең алдымен оның тазалығынан көрінеді. Таза әрі жинақы көшелер – тұрғындардың мәдениеті мен туған жерге деген жанашырлық көзқарасының айғағы.

Көшелерді қоқыстан тазарту, аулалар мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті дағдыға айналуы қажет. Әр тұрғын өз ауласының тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты белгіленген орындарға тастаса, ауылдың көркі де арта түседі. Тазалық сақтау – бір адамның емес, баршаға ортақ міндет. Көшені таза ұстау арқылы біз қоршаған ортаға қамқорлық жасап қана қоймай, балаларымызға үлгі көрсетеміз. Сондықтан туған ауылымыздың әр көшесі таза, көрікті әрі жайлы болуы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Нуржамал Сисенғали,
Миялы ауылының тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT