Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қоғамның тыныштығы мен отбасының берекесіне қауіп төндіретін күрделі мәселе. Ол тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның алаңдаушылығын туғызады. Сондықтан зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлде төзбеушілік танытып, әр азамат заңды құрметтеп, өзара сыйластық пен жауапкершілікті басты құндылық ретінде ұстануы қажет.
Мемлекет отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл бастамалар қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Бақытты отбасы – сыйластықтан, түсіністіктен және мейірімділіктен басталады. Сондықтан әрбір азамат зорлық-зомбылықтың алдын алуға өз үлесін қосып, заң мен тәртіп қағидаларын сақтауға атсалысуы тиіс.
Тек осылай ғана қауіпсіз, берекелі әрі әділетті қоғам қалыптастыра аламыз.
Жания Тәжмағанбетова,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы



