Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылқоға ауданы көлемінде 2026 жылдың 30 қыркүйек–05 қазан аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы жанжалдардың жолын кесу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

 Сонымен қатар, Қаркөл орта мектебінің қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, жанжал туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Отбасы – қауіпсіздік пен өзара сыйластықтың ордасы. Әрбір азамат отбасындағы зорлық-зомбылыққа бейжай қарамай, оның алдын алуға өз үлесін қосуы қажет. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, көмек сұраудан тартынбаңыз. 📞 102 – полиция 📞 111 – отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірыңғай байланыс орталығы Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT