Күн жылып, қар кетісімен «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді.
Апта сайын өтетін сенбіліктен қалыс қалмайтын мекеме қызметкерлері ауыл маңын, мекеме айналасын, көшелер мен саябақтарды тазартып, ауылды көркейтуде тер төге еңбек етіп келеді. Бірақ ауыл тазалығы тек мекеме мойнындағы іс емес. Сол себепті тұрғындар үйлерінің айналасын сенбілікке сілтемей, өзі тазартқаны жөн.
Өйткені тазалық әр адамның өзінен басталуы тиіс. Өз ауласын тазартып, абаттандыруға көңіл бөлсе, ауаны да тазартып, ауданды да көркейтуде үлес қосар еді. Одан бөлек күл-қоқыстармен келетін түрлі инфекциялық аурудың алдын алары анық.
Сондықтан ортақ істен қалыс қалмай, баршамыз да атсалысайық.
Тілекші РАЕПОВА,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы




