Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР

 “Таза Қазақстан” – еліміздің болашағына салынған ең маңызды инвестициялардың бірі. Себебі тазалық тек көшенің көркін келтіріп қоймайды, адамның ой-санасын, мәдениетін де өзгертеді. Қазір әр адам тазалыққа өзі жауапты екенін түсіне бастады.

Ауыл тұрғындарының бәрі бірге шығып, ауласын, саябағын, өзен жағалауын тазалап жатқанын көргенде қуанасың. Бұл – ұлтты ұйыстыратын нағыз бірлік. Акцияның тәрбиелік мәні зор. Әрине, бір реттік сенбілікпен бәрі шешілмейді. Ең бастысы – осы әдетті күнделікті өмірге айналдыру. Қоқысты орнына тастау, ағаш отырғызу, су көзін ластамау – бәрі кішкентай қадамдар, бірақ соның бәрі қосылып үлкен өзгеріске әкеледі.Тазалықты сақтау – әр қазақстандықтың азаматтық борышы деп білемін. Таза ауладан таза қала, таза қаладан таза ел басталады.

Мереке АЙЖАРЫҚОВ,

 Ойыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT