Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрақтылық кепілі

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заң мен тәртіптің маңызы зор. Аудан аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін бұзбау, құқық бұзушылықтың алдын алу және айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – ел тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды тетіктері.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әр адамның күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс. Заңды құрметтеп, тәртіпті сақтаған қоғамда өзара сыйластық пен жауапкершілік қалыптасады.
Сондықтан ауыл тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға және елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырамыз. Заң үстемдігі орныққан елдің болашағы да берік.

Гүлмира Оразова, 
Миялы ауылының тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT