Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке құрметпен қараған жағдайда ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптасады.
Құқықтық мәдениетті арттыру, заңға бағыну және өзгенің құқығын құрметтеу – әр азаматтың азаматтық борышы. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңызы зор. Заң үстемдігі орныққан елде бірлік пен татулық нығайып, елдің дамуына берік негіз қаланады. Сондықтан заң талаптарын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз әрі жарқын болашаққа бастар сенімді қадам.
Айжарқын Қабиева,
Миялы ауылдық округінің бас маманы




