Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тұрақты түрде жалғасады

Жақында Ойыл ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» атты сенбілік ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – өзен-көл жағалауларының тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілік барысында округке қарасты «Төртқыстау» және «Боранғали» өзектерінің айналасы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына барлығы 23 адам белсенді қатысып, нәтижесінде 0,5 тонна тұрмыстық қалдық арнайы орынға шығарылды. Мұндай игі шаралар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, туған жердің көркеюіне әр азаматтың үлес қоса алатынын көрсетеді. Таза қоршаған орта – баршамыздың ортақ байлығымыз. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ойыл ауылдық округінде алдағы уақытта да экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сенбіліктер мен тазалық акциялары тұрақты түрде жалғасатын болады.

 Өз тілшіміз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT