Заң мен тәртіп – әділетті қоғам құрудың басты қағидаты. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы нығаяды.
Заңға құрмет – өз құқығымызды қорғаумен қатар, өзгенің құқығын да сыйлау деген сөз. Сондықтан заңды сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Заң үстемдік еткен жерде әділдік орнап, елдің дамуына берік негіз қаланады.
Ислам Қабдолов,
Миялы ауылының тұрғыны



