Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тазалықты сақтауға шақырды

Мектеп оқушылары арасында сенбілік барысында тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға мектеп аумағын, көшелерді және қоғамдық орындарды таза ұстаудың маңызы түсіндірілді.

Сонымен қатар қоқысты кез келген жерге тастамау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға жинау, табиғатты қорғау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттігі айтылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларды тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырды.
Тазалық – баршаға ортақ міндет. Оны сақтау әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

Гулмира Оразова, 
Ы. Шореков атындагы мектеп-гимназиясы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT