Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ҮНДЕЙДІ

 «Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялау мен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Бұл ретте ауданда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Акция аясында қоғамдық орындар мен көшелер қоқыстан тазартылып, аумақтарды көркейту және санитарлық жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тазалық шараларына мекеме қызметкерлері, еріктілер, жастар белсенді қатысып, туған өлкенің таза әрі көрікті болуына өз үлестерін қосуда.

Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ тұрғындарды тазалықты сақтауға үндейді.

Сонымен қатар әрбір азаматтың тазалыққа қосқан үлесі туған жердің көркеюіне және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Нұрсұлтан МЕЙРАМҰЛЫ,

Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT