Тазалықты сақтау – әр адамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсететін маңызды қасиет. Таза әрі көрікті ауыл мен қала қалыптастыру әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады.
Қоқысты арнайы орындарға тастау, қоғамдық орындарды ластамау, айналаны таза ұстау – қарапайым болғанымен, үлкен маңызы бар істер. Табиғатты қорғап, тазалыққа үлес қосу арқылы біз өзімізге де, келешек ұрпаққа да қолайлы орта қалыптастырамыз.
Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Айналамызды таза ұстау – баршамызға ортақ міндет.



