Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ТАЗАЛЫҚШЫНЫҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙЫҚ!

 «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері елді мекендеріміз ажарланып, айтарлықтай тазарып қалды. Бірақ, сол еңбекті еш қылатын кейбір отандастарымыздың әрекеті жанға батады.

Мәселен, жол жиегінде бара жатып, көлік терезесінен пластик шөлмек немесе темекі тұқылын лақтыра салу, күл-қоқысты белгіленген орынға жеткізбей тастай салу, көшеде пісте шағу сынды әдеттер әлі де болса бар. Бұл қоршаған ортаға ғана емес, сол жолды тазалап жүрген адамдардың еңбегіне деген үлкен құрметсіздік. Көше тазалаушы да сіз бен біз сияқты қарапайым адам. «Тазалау оның міндеті» деп қоқыс лақтыру беру – адамдыққа да, мұсылмандыққа да жат қасиет. Аптап ыстық пен сақылдаған сары аязда да ауылдың тазалығы үшін жұмыс жасап жүрген жандардың қадірін түсініп, еңбегін бағалаған жөн. Сонда ғана тек көшеміз емес көңіліміз де таза болары хақ.

Ризабек АМАНТАЙ,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT