Осыдан екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде жалпыұлттық сипат алды.
Тазалыққа шақыратын бастама барша бұқарадан қолдау тапты. Нәтижесінде, қазір акцияларға ел азаматтары белсене қатысып, жыл сайын аула, көше, саябақ, канал-арықтарды тазартуға, абаттандыруға бір кісідей жұмылады, көшет, ағаш сұрыптарын көптеп егеді.




