«Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық акция емес, ол қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Әрбір азамат өз үйінің ауласын, көшесін және қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосса, еліміздің экологиялық жағдайы жақсарып, өмір сүру сапасы артады. Тазалыққа деген көзқарас адамның табиғатқа деген құрметін көрсетеді. Бұл ретте «Таза Қазақстан» бастамасы халықтың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді.
Аманбек БЕРІКҚАЛИЕВ,
«Қаракөл» мәдениет үйінің меңгерушісі



